KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 7 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Қарабұлақта 5 млрд шаршы метр газ қоры бар

23.04.2018, 06:42 166

2013 жылдың қарашасында  Зайсан қаласы тұрғындарының үйіне  алғаш рет газ беріліп, көптің қолы көгілдір отынға жеткен болатын. Облыстық энергетика және  тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, өткен  жылы Зайсан қаласын газдандырудың құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.


Қазір Зайсанда 1800 абонент, 78 коммерциялық нысан, 9 бюджеттік мекеме газды пайдаланып отыр. Газдың текше метрі тұрғындарға да, заңды тұлғаларға да 11 теңгеден сатылуда.


Зайсан ауданының Қарабұлақ округі аумағында  табиғи газдың 5 млрд шаршы метр қоры бар екені анықталғанын ескерсек, Зайсанның табиғи газы әлі талай уақытқа жетеді. Көгілдір отын Қытайға да шығарылып жатыр, Сарыбұлақ кен орынын пайдалана бастағаннан бері бұл жерден 1 956,8 млн текше метр газ экспортталған.


Қайрат Оралбеков, Энергетика  және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:


-Зайсан ауданының елді мекендерін газбен қамту мақсатында «Тарбағатай Мұнай» ЖШС өз қаражаты есебінен 2015 жылы 9 елді мекенге дейін жалпы ұзындығы 61 шақырым болатын магистральді құбыр салды. Қазіргі уақытта Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Айнабұлақ, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен Қаратал ауылдарын газға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі күні Зайсан ауданының сегіз елді мекеніне: Дайыр, Бақасу, Саржыра, Жарсу, Сартерек, Біржан, Қуаныш, Көкжыра ауылдарына дейін және ауыл ішілік газ құбырларын салу үшін облыстық бюджет қаражатына  жалпы құны 89,6 млн. теңгенің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив