KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 7 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО-да қымбаттамаған нәрсе қалмапты

23.04.2018, 06:15 119

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша азық-түлік тауарларының арасында облыста биылғы жылдың наурызында ақпанмен салыстырғанда сиыр еті – 3,3%, жылқы еті – 4,4%, шошқа еті – 3,9%, қой еті – 2,8%, сиырдың бауыры – 2,4%, күріш – 1,6%, ұнтақ жармасы – 0,4%, сұлы – 2,6%, арпа – 1,7%, тары – 3,1%,  жұмыртқа – 0,8%-дан, айран – 2,7%, мәйекті ірімшік – 1,5%, маргарин – 1,3%,  алкогольді ішімдіктер – 1,8%, темекі өнімдері – 2,2%-ға қымбаттағаны тіркелген.


Қарап отырсақ қымбаттамаған нәрсе қалмапты.


-Жаңа жылдан бері еттің келісі 200 теңгеге көтеріліп кетті. Қазір ел қой, сиыр,жылқы етінен көрі тауық етін көп алатын болып барады, көпшілігі тауыққа көшіп кетті. Сауда, баяғыдағыдай емес,- дейді Риддер қаласының шағын базарында ет саудасымен айналысып жүрген кәсіпкер Хабриға Шаипова.

Ет, айран, сүт қымбаттағанымен қарақұмық жармасы – 3,6%, құс еті – 0,6%, тұздалған майшабақ – 1,2%, тұз – 1,7%, кетчуп – 1,8% -ға арзандаған.


Жеміс-көкөніс өнімдерінен алма бағасы – 6,2%, жүзім – 2,0%, банан – 8,3%,  қияр – 1,9%, қызанақ, қызылша – 2,3% өскені байқалды. Апельсин 3,2%, кептірілген бұршақ – 1,4%-ға арзандапты.



Азық-түлік емес тауарлардан наурызда киім, аяқкиім – 0,5%, планшеттер – 2,8%, автомобильдер – 0,8%-дан, отын – 2,5%-ға қымбаттаған көрінеді.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Өскемен қаласы халқының қоқысты шығаруға ақы төлемі 10,4%-ға өскен. Денсаулық сақтау жүйесінде дәрігерге алғашқы қаралу 8,7%, медициналық зертханалардың, уқалау-сылау – 2,5%, физиотерапевтік ем – 1,9%-ға қымбаттады. Көлік қызметі арасында алыс қашықтыққа қатынайтын пойыз билеті – 1,2%, авиабилеттер – 0,2%-ға қымбаттаған.


Тұрмыстық қызмет көрсетуде фотосалондар қызметі – 3,5%, қоғамдық тамақтандыру  – 1,6%, шаштараздар мен сұлулық салондары – 4,1%, аяқкиім жөндеу – 6,1% және тұрмыстық техниканы жөндеу шеберханалары қызметі– 2,6%-ға қымбаттады.


Наурызда елімізде АИ-92 маркілі жанар май литрінің бағасы    163,4 теңге болып,  жыл көлемінде жанармайдың бұл түрі 14, 9 пайызға өскен.  АИ-95/96 - 178,2 тенге болып 15 пайызға өскен. Жаздық дизелді отын құны 162,1 тенге болып,  23 пайызға қымбаттаған.


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив