Шәкәрімнің 160 жылдығына орай әдеби-сазды кеш өтті

Биыл ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толады. Осынау атаулы датаға байланысты ақынның шығармалары биылғы жылы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының «Жыл кітабы» болып таңдалған болатын. Осы орайда «Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Шаһкерім: Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кездесуге қатысқан оқырмандар Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты ақпараттармен танысып, ақынның философиялық ойлары туралы Семей қаласындағы «Шәкәрімтану» орталығының директоры Ақмарал Төлеуғазықызының бейнежазбасын тыңдады. Басқосуда ақынның әндері орындалып, өлеңдері оқылды.
- Осынау әдеби-сазды кештен өзіме көп пайдалы дүние алдым. Кітапхана мамандарына алғысым шексіз, - дейді осы шараға қатысушылардың бірі А. Асқарқызы.
110
0
0
Сонымен қатар оқыңыз
«Рухани жаңғыру: жыл кітабын оқимыз» атты тақырыптық көрме ашылдыСемейде Шәкәрімнің 160 жылдығына орай Павлодар қаласымен әдеби телекөпір өттіАқын Жанат Әскербекқызының кеші өттіМәдени шаралар Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналып отырАстана қаласының мектептерінде биылғы оқу жылынан бастап «Абайтану» енгізіледі