KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Головкиннің қарсыласы белгілі болды

18.04.2018, 16:34 110

Орта салмақ дәрежесінде WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасында әлем чемпионы Геннадий Головкин Мексиканың «Синко де майо» мерекесіне орай 5 мамыр күні жекпе-жек өткізетін болды. Қарсыласы - америкалық боксшы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО), деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Жекпе-жек 5 мамырда Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өтеді.


Еске сала кетсек, 5 мамырда бұған дейін Головкин-Альварес қарымта жекпе-жегі жоспарланған болатын. Алайда мексикалық боксшы "Канелоның" допинг сынамасы оң нәтиже көрсетіп ресми түрде бұл кездесуден бас тартатынын мәлімдеді.


Осыдан кейін Головкиннің командасы қазақстандық боксшыға лайықты қарсылас іздей бастады. Боксшының промоутері Том Леффлер ресми мәлімдеменің 18 сәуір күні жарияланатынын айтқан болатын. Бүгін Головкин инстаграмдағы ресми аккаунтында Ванес Мартиросянмен жекпе-жек өткізетінін растады.



 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив