KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 2 м/с, В
440.92 475.36 4.82

Глубокое ауданында газ баллоны жарылды

16.04.2018, 08:16 100

«Жұма, 13-і » қырсық болады деген қағида қалыптасқан. Глубокоелік бір тұрғынның көзі  бұған әбден  жеткен сияқты. Сол күні Бобровка ауылындағы жекеменшік бір үйде газ баллоны жарылып, өрт шықты.


Атылған дыбысты алдымен көршілері естиді. Іле-шала өрт шыққан кезде олар өрт сөндірушілерді шақырады. Үй иесі, 1956 жылы туған ер адам ғимараттан бір газ баллонын алып шығып үлгерген. Алайда беті мен қолдары күйіп қалды. Зардап шегушіге алғашқы медициналық жәрдемді медицина мен апаттар орталығының мамандары көрсетеді.


Өртке қарсы қызмет мамандары келіп жеткенше қызыл жалын үйді орап, үй маңындағы қораларға да ауыз сала бастайды. Сол мезетте үйдегі тағы бір газ баллоны жарылады. Тілсіз жаудың көрші үй мен гаражға таралу қаупін төндіргенімен, дер кезінде келіп жеткен өрт сөндірушілер отты ауыздықтап үлгерді. Екі сағатқа созылған арпалыста құтқарушылар өртті толықтай сөндірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив