Өскемен
-15°
туман ветер 1 м/с, С
459.92 501.31 6.62

Жалақыға балдық жүйе енгізілгеннен кейін мемлекеттік қызметке конкурс артты

15.04.2018, 05:23 23 0

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің факторлық-балдық жүйесі бойынша пилоттық жобаны қорытындылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.


«Еңбекақы төлеудің факторлық-балдық жүйесінің арқасында елімізде мемлекеттік қызметке деген қызығушылық артып келеді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова. Спикердің айтуынша, бір орынның конкурсы екі есеге өскен. «Жеке өңірлер бойынша айтатын болсақ, мысалы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облыстық департаментінің басшысы қызметіне жарияланған конкурсқа - 55 адам, Оңтүстік Қазақстан облысында бас маман қызметіне 47 адам қатысқан», -деді Айгүл Шайымова. Факторлық-балдық жүйе бойынша пилоттық жоба төрт мемлекеттік органда жүргізіліп жатыр.


 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив