KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Тың жобалар Азия нарығына шығады

13.04.2018, 05:45 120

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Тұңғыш Президент Қорының «Smart Zholy» бағдарламасының екінші кезеңі іске қосылды. Енді шығысқазақстандық жастар тың жобаларын әлемнің қарқынды дамып келе жатқан Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекетттерінің нарығына шығаруға мүмкіндік алды.


Жақында аталған жоғарғы оқу орнының ұстаздары мен студенттері стартаптарды құру және дамыту бойынша озық білім алу үшін арнайы дайындық курсынан өтті. Онда тың жобаны қалай жасау керектігі туралы кеңінен түсіндірілді. Осыдан бастап бұл курсқа қатысқан жастар «Smart Zholy» жобасы аясында халықаралық компаниялармен бірлесіп жеке инновациялық өнімдері мен сервистерін құрай алады.


Екі күнге жалғасқан курста болашағын ғылым саласымен байланыстырған белсенді студенттер тың идеяларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.


– Тұнғыш Президент Қорының демеушілігімен осы жобаны қолға алдық. Сол себептен біз Елбасының тапсырмасына сәйкес еліміздегі талантты жастарды ІТ-саласы бойынша оқытамыз. Кейін солардың ішінен үздік стартап жобаларын дайындайтын, сондай-ақ ағылшын тілін еркін меңгерген жастарды іріктеп аламыз. Өйткені білікті, білімді студенттер Сингапурға барып оқуға мүмкіндік алады және өз жобаларын сол жақтағы мамандардың алдында қорғайды, - деді Курсты ұйымдастырушылардың бірі, «MOST» бизнес-инкубаторының операциялық директоры Алина Исаханова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив