KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы «Саябақтар шеруін» өткізді

12.04.2018, 05:46 170

«Саябақтар шеруі» - еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолдау көрсету, тұрғындардың, бірінші кезекте – жастардың назарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мәселелерге аударту, осындай аумақтарға іс-жүзінде көмек көрсету, отандастар санасына өзіміздің табиғи  және мәдени мұраларымызға деген мақтанышты ояту.


Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы жыл сайын  осындай игілікті іс-шараны Күршім, Зайсан және Зырян аудандарында тұрақты өткізіп отырады.


«Cаябақтар шеруі -2018» Халықаралық табиғатты қорғау акциясын Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері «Табиғатты аялайық, – болашаққа сақтайық!» ұранымен Күршім, Зырян, Зайсан аудандарында және Өскемен қаласының білім беру мекемелерінде 30 наурыз бен 25 мамыр аралығында өткізуді жоспарлаған.


Биылғы жылы жеңімпаздарды онлайн дауыс беру бойынша да анықталады. Мамыр айының басында әділқазылардың сараптауынан өткен суреттер, Марқакөл қорығының  инстаграмдағы ресми парақшасына (@markakol_1976) дауыс беру үшін жүктеледі. Дауыс беру 7- мамырдан 21-мамыр аралығында жүреді.


 Бастауыш сынып оқушылары мен мектепке дейінгі мекемелер  тәрбиеленушілері арасында «Жасөспірім экологиялық театрлық фестивалі» де өтеді.


Ең белсенді қатысушылар және ең белсенді мектеп, ең белсенді аудан бағалы  сыйлықтармен марапатталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив