KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Семейде тұңғыш рет тізе буынына эндопротездеу отасы жасалды

12.04.2018, 02:00 203

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, елімізде медицина саласы қарыштап дамып келеді. Семейдегі мемлекеттік медицина университеті осы жылдарда білікті мамандар дайындайтын әрі тарихы тереңде жатқан оқу-тәжірибелік орынға айналды. Мәселен, міне,  «Денсаулық 2016-2019 жылдарда» бағдарламасына орай Шығыс Қазақстан облысында бұрын-соңды болмаған тізе буынын эндопротездеу отасын осы медицина университетінің білімді мамандары жасап отыр.


-Бұрындары сырқаттар мұндай күрделі ота жасату үшін шетелге баруға мәжбүр болатын,-деп түсіндірді Семей мемлекеттік медицина университетінің ректоры, жоғары деңгейлі травматолог-ортопед, медицина ғылымдарының докторы Ерсін Жүнісов,- Өздеріңіз білесіздер, шетелге жетуге біреудің жағдайы бар, ал біреулердің мүмкіндігі жоқ. 1949 жылы туған сырқат әжейге Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасында тізе буындарында жүре келе пайда болған артроз диагнозы қойылған. Осы аурухананың ота залында біз әжеге тізе буынын тұтастай медициналық цемент қоспасы арқылы эндопротездеу отасын заманауи технологиялар арқылы тұңғыш рет жасадық.

Отада сүйектің шеміршектері кесіліп алынып тасталып, оның орнына титанды қыстырмалы ішпек орнатылған екен. Титанды қыстырма енді әжейдің тізе буындарын қозғауына, өз бетінше жүріп-тұруына мүмкіндік туғызады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив