KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру

10.04.2018, 10:05 209

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап, Семей қаласы ішкі саясат бөлімі қолдауымен «Шығыс жастары» қоғамдық қоры «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысын ақпараттандыру және жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуы бойынша» әлеуметтік қызметті жүзеге асыруда.


Жоба аясында, тұрғындар арасында радикалды идеология мен дінаралық қатынастардағы радикалды көріністерге нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік маңызға ие мәдени, спорттық шаралар ұйымдастыру, жастар, мәдени және спорттық ұйымдар арасында жағымсыз этносаралық және конфессияаралық алауыздық және төзімсіздік стереотиптерінің көріністеріне жол бермеу жөнінде кешенді шаралар жүргізу жоспарланған.


Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуы бойынша қаламыздың ауылдық округтерінде ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстар жүргізіледі.


Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге, ұйым мамандары теологиялық және психологиялық қолдау көрсету мүмкіндігі қарастырылған.


Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон номеріне хабарласып, қажетті ақпаратты алуға болады: +7 778 898 08 01 – Жомарт.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив