KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» тасжолы жөнделеді

10.04.2018, 05:45 184

«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» аралығындағы жалпы ұзындығы 763 шақырымды құрайтын жолға қайта жарақтау жұмыстары жүргізіледі. Оған 291 миллиард теңге қарастырылған.


Жолды жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржының 15 пайызын Қазақстан аударса, қалған 85 пайызын Қытай Эксим банкінің несиелік қаражаты есебінен құрамақ. Ал «Қалбатау-Майқапшағай» аралығындағы 415 шақырым жолды жөндеуге 159 миллиард теңге қажет екен.


– «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қалбатау-Шар аралығындағы 36 шақырым жол жөнделеді. Оған республикалық бюджеттен 2,6 миллиард теңге бөлінген. Былтыр бұл қаражаттың 1,7 миллиард теңгесі игерілді. Ағымдағы жылы қараша айынан бастап «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» аралығындағы жолды жөндеу жұмыстары басталады, - дейді аудан әкімі Нұрлан Сыдықов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив