KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

«Рудный Алтай» газетіне 100 жыл толды

9.04.2018, 09:58 210

10 сәуірде өңірдің айнасына айналған «Рудный Алтай» газетінің алғашқы санының жарық көргеніне 100 жыл толады. Осыған орай А. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ертең «Рудный Алтайға» - 100 жыл: тарих беттерін парақтағанда» атты көрме ашылмақ. 


Мұнда газеттің «Голоса Алтаядан» «Рудный Алтайға» дейінгі  барлық кезеңіне қатысты деректер келушілер назарына ұсынылмақ.  Аймақтың тыныс-тіршілігін паш еткен газеттің қалай жарық көргені,  газетте кімдердің қызмет істегені туралы зерттеушілер мен өлкетанушылардың, журналистердің жазбалары оқырмандарға қызықты екені сөзсіз.  Ең басты тосынсый оқырмандар назарына кітапхана қызметкерлері газеттің әр жылдардағы тігінділерін: 40-шы жылдардағы  «Большевик Алтая», 50-ші жылдардағы «Знамя коммунизма» және 60-шы жылдардан бергі «Рудный Алтай» газетінің тігінділерін ұсынбақ.   1918 -1963 жылдар аралығында газет өзінің атауын 8 рет өзгертіпті.  10 сәуір 1918 ж. - "Голос Алтая", 1 қаңтар 1920 ж. - "Известия Усть-Каменогорского уездного революционного комитета", 10 тамыз 1920 ж. - "Советская власть", 10 қазан 1923 ж. - "Смычка", шілде 1924 ж. - "Крестьянский труд", 27 қыркүйек1930 ж. - "Прииртышский коммунар", 27 қазан 1939 ж. - "Большевик Алтая", қаңтар1953 ж. – "Знамя Коммунизма", 1 мамыр 1963 ж - "Рудный Алтай" деп аталған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив