KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Әдеби-музыкалық кеш әйгілі әнші Әміреге арналды

6.04.2018, 09:31 116

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазақ халқының дүлдүл әншісі Әміре Қашаубаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Ән әлемінің жарық жұлдызы» атты әдеби-музыкалық кеш болып өтті. Оған өнер сүйер қауым, студенттер мен мәдениет қызметкерлері, жерлес ақын-жазушылар мен мұғалімдер қатысты.


Музыкалық кешке  Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының әншілері, халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегерлері Берік Омаров пен Мейрамбек Ахметов, қаламыздағы «Ертіс концерт» мекемесінің әншілері Әділ Тұрғанбаев, Қуаныш Оралбаев, Абаш Кәкеновтер қатысып, көрермен қауымға Әміре Қашаубаевтың репертуарынан әндер ұсынды.


Сондай-ақ, басқосуда әншінің 130 жылдық тойының алдында кітапхана қорына келіп түскен Жарқын Шәкәрімнің жуықта жарық көрген «Амре в Париже: Историко-биографический очерк о трагической судьбе выдающегося казахского тенора Амре Кашаубаева» туындысы қонақтарға таныстырылып, қонақтарға кітап авторының бейне жолдауы ұсынылды.  Шараға қатысушылар әншінің өнері мен шығармашылығы туралы кітап көрмесімен де танысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив