KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 2 м/с, З
443.35 475.54 4.82

Геннадий Головкин 5 мамырға таңдаған жаңа стратегиясын айтты

5.04.2018, 05:44 142


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) 5 мамырда өтетін жекпе-жектің аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz.



Бастапқыда бұл күні Головкинмен мексикалық Сауль "Канело" Альварес шаршы алаңға шығуы тиіс болатын. Алайда мексикалық боксшы допинг дауына қатысты екінші кездесуден бас тартты. Головкиннің келесі жекпе-жегі 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді. Әзірге қай аренада өтетіні белгісіз.



Головкин - Альварес жекпе-жегі T-Mobile аренасында өтеді деп жоспарланған, алайда GGG командасы бокс кешінің MGM Grand аренасында өтуін қарастырып жатыр.



Осыған дейін Головкин өз жекпе-жегінде Big Drama Show жасайтынын айтқан, бұл жолы ол жаңа стратегиясының қалай болатынын мәлімдеді.




"20-шы рет титулдарды қорғау үшін 5 мамырда Синко де Майо мерекесінде Лас-Вегасқа оралуымды асыға күтіп жүрмін. Бұл жолы - драма аз болып, шайқас көп болады!", - деді Головкин.




Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив