KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Жарма ауданында ірі жобалар жүзеге асырылуда

2.04.2018, 10:53 144

Жарма ауданында табиғи байлықтарды игеру, жаңа өндірістерді ашу мақсатында Үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдарламасына жалпы сомасы 167 млрд. 200 млн. теңгені құрайтын 5 жоба енгізілген.


Аудан әкімі Нұрлан Сыдықовтың айтуынша, оның бірі «Казахцемент» ЖШС-нің  цемент және клинкер өндіретін  зауыты 2012 жылы іске қосылып, жобалық қуатына көшкен. Екінші жоба – «Теньши» серіктестігінің әктас өндіретін зауыт құрылысы, бұл жоба да аяқталып, іске қосылған.


Мұндай маңызды жобалардың қатарын Бақыршық тау-кен байыту комбинатының құрылысы құрайды. Зауыт құрылысына 2016 жылы 29 млрд. теңге тартылса, 2017 жылы – 54,7 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Биылғы жылы бұл ірі нысан іске қосылады деп күтілуде.


– Аудандағы төртінші жоба – «Жангиз Солар» ЖШС-нің Жанғызтөбе кентіндегі «Қуаттылығы жылына 30 МВт-тық күн электр станциясын салу жобасы». Оның құны 17 млрд. 500 млн. теңге. Бүгінгі күнге жол картасы жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде, жыл соңына дейін аяқталмақ. Сондай-ақ, «АС Горняк» ЖШС-нің жылына 250 мың тонна кен шығаратын алтынды кен өндіру жөніндегі завод құрылысы бесінші жоба, мұның құны – 7,7 млрд. теңге болады. Құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталмақ, - дейді Нұрлан Сыдықов.

Сондай-ақ, аталмыш бағдарламадан тыс  «Васильевское»ТКМК» ЖШС «Васильевское» кен орнында алтынды шоғырлы сілтіден айыру зауытының құрылысын аяқтап отыр. Мұнымен қатар үстіміздегі жылы «Шұғыла Голд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алтын өндіру зауытының құрылысын бастамақ.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив