KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 2,2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

«Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» бағытындағы жол жөнделеді

2.04.2018, 10:41 239

«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» аралығындағы жалпы ұзындығы 763 километр болатын жолға 2017-2022 жылдар аралығында қайта жарақтау жұмыстары жүргізілмек. Оған 291 млрд.теңге қарастырылған. Бұл туралы таяуда өткен брифинг барысында Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов мәлімдеді.


Аудан әкімінің айтуынша Омбы-Майқапшағай жолының Қалбатау-Шар  аралығындағы 36 километрін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жөндеуге республикалық бюджеттен 2,6 млрд. теңге бөлініп, былтыр 1,7 млрд. теңгенің жұмыстары атқарылған. Биылға қалған жұмыс көлемі 1,1 млрд. теңге. Бұл жұмыстарға үшінші қабат асфальт төсеу, белгілер жасау, 8 аялдама орнату және басқа жұмыстар кіреді.


«Қалбатау-Майқапшағай аралығындағы 415 километр жолды қайта жарақтау жұмыстарының құны 159 млрд.теңге болса, мердігерлер – қытайдың Синь-Синь және қазақстандық Казгерстрой мекемелері. Бүгінгі күнге бөлінген қаражат көлемі: республикалық бюджеттен 12 млрд. теңге және несие қаржы 130 млн. доллар (немесе 50 %). Құрылыс былтыр желтоқсан айында басталған.


 – Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» аралығындағы жалпы ұзындығы 763 километр жолға 2017-2022 жылдар аралығында қайта жарақтау жұмыстарына 291 млрд.теңге қарастырылған, оның ішінде 43 млрд.теңге немесе 15%-ы Қазақстан жағынан, ал қалған 796 млн. доллары немесе 85%-ы Қытайдың Эксимбанкінің несиелік қаражаты. Мердігерлер – «Ситик», «К-Дорстрой», «Таулинг» компанияларының консорциумы. Қазірдің өзінде республика бюджетінен 50%, яғни 22 млрд. теңге төленді және Қытайдың Эксимбанкі арқылы 398 млн. доллар, яғни 50%-ы төленді. Жұмыс өткен жылдың қараша айында басталып кетті, - деді брифингте Нұрлан Сыдықов.

 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив