KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Жармада мал басын асылдандыруға баса көңіл бөлініп келеді

2.04.2018, 10:36 155

Жарма ауданының экономикасында дәстүрлі сала – агроөнеркәсіп секторы жетекші орын алады. Бұл салада жиыны 600 ауылшаруашылық  тауар өндірушілері жұмыс істейді. Агроөнеркәсіп кешенінде мал шаруашылығының үлесі – 79,8 % болса, егін шаруашылығының үлесі – 20,2 %.


2017 жылы ауылшаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 20 млрд. 632 млн. теңгені құрады, бұл 1 млрд. 845,3 млн. теңгеге немесе 9,8 пайызға артық (2016 жылы – 18 786,9 млн. теңге). Оның ішінде мал шаруашылығының өнімдері 16 млрд. 470 млн. теңге, егін шаруашылығы өнімдері – 4 млрд. 162 млн. теңге болып отыр.


Ет өндірісі 17 мың 274 тоннаны құрап, 748,4 тоннаға артса (4,5 пайыз), сүт өндірісі – 52  мың 377,6 тоннаны немесе 100,0 пайызды құрады.


Ірі қара мал басының саны 66 691 бас (2 208 басқа немесе  3,4 пайызға артты), қой мен ешкі  173 104 бас (16 518 басқа немесе 8,7 пайызға кеміді),  жылқы 25 433 бас (1 216 басқа немесе 5,0 пайызға артты) болды.


Өсімдік шарушылығында барлық егістік көлемі  31,1 мың гектарды құрап, 2016 жылдың деңгейінен 1,5 мың гектарға артты.


– Аграрлық секторда мал басын асылдандыруға үлкен көңіл бөлінуде. 2017 жылы шаруашылық құрылымдарымен асыл тұқымды 558 бас ірі қара, 866 бас қой және 35 бас жылқы сатып алынып, 372,5 млн. теңге субсидия алынды.Селекция жұмыстары мен мемлекеттік қолдаудың арқасында асыл тұқымды шаруашылықтар саны 22-ге жетсе, оның ішінде 5-і – ірі қара, 14-і қой, 3-і жылқы шаруашылықтары. Ет бағытындағы мал шаруашылығының дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Былтыр аудан бойынша «КазАгро» арқылы құны 983,5 млн. теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба қаржыландырылды, - деді аудан әкімі Нұрлан Сыдықов.

Аудандағы «Сембелл» серіктестігі жобалық құны 580,0 млн. теңге болатын 3 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын іске қосқан. Бордақылау алаңы аудандағы ең ірісі болғандықтан, ет кластерінің операторы болып белгіленген. Қазір онда 1500 бас мал бордақылануда.


Бұдан бөлек «Сүлеймен» шаруа қожалығы 100 басқа арналған сүт-тауарлы ферма құрылысын жүргізуде. Ресейден 16,0 млн. теңгеге 50 бас сүтті сиырлар сатып алынса, қосымша тағы Алтай өлкесінен 50 бас сүтті сиырлар сатып алуға келісім жасалуда. Сүт фермасының құрылысын аяқтау осы жылдың ІІІ тоқсанына жоспарланған.


Ауданда 6 сүт қабылдау пункті ашылған. 34 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері құрылып, оның ішінде 27 кооператив - ірі қара мал өсіру және мал тұқымын асылдандыру бағытында шаруа істеуде. Тағы бесеуі мал бордақылау, екеуі сүт жинау және өңдеу бағытында жұмыс атқаруда.


2017 жылы қаржы институттары арқылы 169,0 млн. тенге көлемінде несие алынып, толығымен игерілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив