KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Мылтыққа кім мұрагерлік етеді?

29.03.2018, 03:00 97

– Менің әкемнің ағасында нақты ресми құжаттарымен жекеменшік мылтығы болған еді. Жақында ағам қайтыс болды. Енді мылтығы заң бойынша кімге тиесілі болады, балаларына ма? Әлде басқа да туыстарына алуға бола ма? Мұндай жағдайда не істеуге болады?


Қанат Сәменов,


Катонқарағай ауданы

Сауалға Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Нұрғазина жауап береді:


– Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 30 желтоқсанындағы «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» заңын орындауда Үкіметтің «Қазақстан Республикасындағы қару және оған тиісті оқ айналымы туралы» Ережесінің 16-тарауы, 97-тармағына сәйкес «азаматтық қару иесінің қайтыс болуы жағдайында оның отбасы мүшелері бір айлық мерзімде аталған қаруды қайта тіркеулері қажет. Не болмаса, оны комиссиялық сатуға өткізулері тиіс немесе азаматтық қару алуға ішкі істер органдарының рұқсат қағазы бар тұлғаға заңға сәйкес тіркеледі». Мұрагерлікке қалтыру, сыйлау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив