KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Жалақымыз қаншаға жетті?

28.03.2018, 06:52 133

 Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша 2017 жылғы 4 тоқсанда облыстағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда) 142,1 мың теңгені құрады, яғни, 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,3%-ға артқан, бірақ, нақты жалақы индексі 1,1%-ға төмен болып отыр.


Салалық құрылымда ең жоғары жалақы өнеркәсіпте – 220,3 мың теңге көлемінде байқалған, бұл орташа облыстық деңгейден 55,1%-ға жоғары. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтердегі қызметкерлерде – 213,8 мың теңге (50,5%-ға), қаржылық және сақтандыру қызметінде – 196,4 мың теңге (38,3%-ға), ақпарат пен байланыста  – 181,8 мың теңге (28,0%-ға) көлемінде байқалды. Ең төменгі жалақы өнер, ойын-сауық және демалыс саласы қызметкерлеріне тиесілі -89,8 мың теңгеден (облыс бойынша орташа шамадан 36,8%-ға төмен), өзге де қызмет түрлерін көрсету саласындағыларда – 99,8 мың теңгеден (29,7%-ға төмен), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар қызметкерлеріне – 90,1 мың теңгеден  – (36,6%-ға) –келеді.


 Өңірлер бөлінісінде ең жоғары жалақы Риддерде – 193,1 мың теңге, Өскеменде – 173,6 мың теңге,  Курчатов қаласында – 168,9  мың теңге және Глубокое ауданында – 145,5  мың теңге; Ал, ең төмен жалақы – Тарбағатай, Күршім, Үржар және Катонқарағай аудандарында (облыс бойынша орташа деңгейден 36-42%-ға төмен) қалыптасты. Қалған өңірлердегі оның шамасы 91-135 мың теңге аралығында ауытқиды.


2017 жылғы 4 тоқсанда облыс бойынша орташа айлық жалақы республикалық көрсеткіштен 13,2%-ға төмен қалыптасқан.


 


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив