KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 0,4 м/с, З
448.81 476.82 4.77

Абайлықтар қиналған сәтте қол ұшын созды

27.03.2018, 11:46 117

«Көп түкірсе, көл болар» деген қағиданы берік ұстанған Абай ауданының тұрғындары аягөздіктерге жәрдемдесіп жатқан басқа аймақтардан қалыспай, гуманитарлық көмек жіберді.


Бұл қайырымдылық шарасын аудандық мәслихат хатшысы Ерлан Лдибаев бастап барды. Ауданнан аттанған көштің сапында аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайырғазы Дүрмекбай мен Қарауыл ауылдық округінің әкімі Мейіржан Смағұлов болды.


Үй-күйсіз қалған аягөздіктерге гуманитарлық көмек ретінде бес тонна ұн, 229 келі қант, бір тоннадан астам макарон өнімдері, 240 келі күріш, 500 литр өсімдік майы, жеті жәшік шай жеткізілді. Соның ішінде қарақұмық жармасы, жайма, қалбырдағы бұқтырылған ет, стерильденген сүт тауарлары молынан апарылғанын айта кеткен орынды. Бұдан бөлек тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жылы киім-кешектер мен басқа да қажетті заттар ұсынылды.


Абайдан келіп жеткен гуманитарлық жәрдемге Аягөз ауданының басшылығы мен халқы алғыстарын білдірді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив