KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
447.4 477.55 4.76

Семейде Шәкәрімнің 160 жылдығына орай Павлодар қаласымен әдеби телекөпір өтті

27.03.2018, 09:37 176

Семейдегі Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Елбасының «Рухани жаңғыру» жобасы  аясында ақын, ойшыл ғұлама-ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған Шәкәрім мұрасы – мәңгілік мұра»  атты әдеби  телекөпір өтті. Телекөпірді кітапханашы Жанар Советызы жүргізіп отырды.Шара барысында  Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері ақынға арнаған жүрекжарды өлеңдерін оқып, даналық пен жауапкершілік, адалдық және мейірімділікке  үндейтін Шәкәрім шығармаларынан әр адам сусындап өсуі керек деген ойларын ортаға салды.Павлодар қаласының  Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлерімен бірлесе өткізілген ауқымды шара көпшіліктің көңілінен шықты.


-Шәкәрім өзінің шығармаларын ұлы Абай үлгісін өлшем ете отырып жазған. Ғұламаның шығармалары бүгінгі таңда қазақ қауымының, адамзат баласының рухани қажеттілігін өтеуге қызмет етіп жатыр. Біздің мұражай ұлы тұлғаларымыздың қара шаңырағы болып табылатындықтан Шәкәрімге деген құрмет, қазақ халқының рухына, ұлтжандылығына деген құрмет деп білеміз, - деді телекөпір барысында Абай қорық мұражайының ғылыми хатшысы Шынар Садықова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив