KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

«Алтай» арулары қатарынан үш рет ел чемпионы атанды

27.03.2018, 07:34 148

Өскемендік «Алтай» волейбол клубының арулары қатарынан үшінші рет ел чемпионы атанды. Бұл атаққа жерлестеріміз ресми түрде осыдан бірнеше күні бұрын «Алтай-2» командасын 3:0 (партиялардағы есеп 25:22, 25:20, 25:23) есебімен жеңгеннен кейін ие болды.


Айта кетейік, волейболдан ұлттық лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің соңғы тур ойындары Павлодар қаласында өткен болатын. Жарыстың бұған дейінгі кезеңдерінде де озық ойын үлгісін көрсетіп келген алтайлықтар шешуші тур кездесулерін де сенімді өткізді. Доп додасының қорытындысы бойынша Юрий Панченконың шәкірттері чемпионаттың күміс жүлдесіне ие болған талдықорғандық «Жетісудан» 19 ұпайға озып кетті. Қола жүлдеге «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) волейболшылары қол жеткізді.


Біріншілік қорытындысы бойынша өскемендік команданың бірнеше ойыншысы жекелей марапаттарға да ие болды. Олардың ішінде үздік шабуылшы атанған Сана Анарқұловамен қатар үздік тосқауыл қоюшылар атағын жеңіп алған Кристина Аниконова мен Наталья Шаршакова, сондай-ақ жарыстың «Үздік ойыншы» аталымына ие болған Ольга Дробышевская да бар.


Енді жерлестеріміз сәл демалыстан кейін алдағы шілде айында Өскеменде өтетін клубтық командалар арасындағы Азия чемпионатына дайындығын бастайтын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив