KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
440.92 475.36 4.82

Зайсан көлінен заңсыз балық аулаған браконьерлер құрықталды

27.03.2018, 03:00 244

Зайсан көлінен бір центнерден астам заңсыз балық аулаған браконьерлер құрықталды. Заң бұзушылар көлде балық аулап отырған жерлерінен ұсталып, жауапқа тартылды.


Ашық көлде алаңсыз балық аулап отырған азаматтарды жуықта Тарбағатай ауданының жедел отряд инспекторлары мен полиция қызметкерлері анықтады. Рұқсаты жоқ азаматтар құқық қорғау қызметкерлері келгенге дейін 100 килограмнан астам балық аулап үлгерген. Сондай-ақ заң бұзушылар балық аулау кезінде рұқсат етілмеген құралдарды пайдаланған. Олардың мемлекетке келтірген залалы 301 мың теңгені құрап отыр. Сондай-ақ браконьерлер көл жағасына мемлекеттік нөмірі жоқ көлікпен келген. Аудандық ішкі істер бөлім көліктің иесін анықтауда, күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив