KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Аягөзде «Мен терроризмге карсымын!» атты семинар өткізілді

24.03.2018, 13:39 247

Жуырда аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Гүлсовет Тоқанова мен Алтын Әмрееваның ұйымдастыруларымен «Мен терроризмге карсымын!» атты семинар өткізілді. С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратында және Мамырсу ауылдық окургіндегі балалар –жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залдарында болған сайыс әдіскер Сәкен Қыржыбаевтың ұйымдастыруымен өтті.


2000-2001 жылғы туған жасөспірімдер (ұлдар) арасында жүргізілген аудандық волейбол жарысына жұртшылық көп жиналды. Оқушылардың күшімен тақырыпқа байланысты әдеби – монтажды қойылымдар қойылды. Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мақсатында психологиялық аспектілер тренингін №3 жалпы білім беретін орта мектептің психологы Арай Өмірбаева жүргізді.


«Жастар арасында діни экстремистік идеялардың таралуының, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін, жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында» әр мектептерден келген дінтану мұғалімдерінің жарыс сөздерімен жалғасты. Сонымен, волейбол жарысының қорытындысы бойынша І орынды Ш. Уәлиханов, ІІ орынды № 1 орта мектеп, ІІІ орынды Т. Көбдіков атындағы орта мектептің командасы жеңіп алды.



Сайыс барысында тамаша ойын өрнегін көрсеткендер аудандық «Жастар орталығының» кубоктарымен, медальдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив