Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 2 м/с, Ю
444.85 477.19 5.42

«Рухани жаңғыру: жыл кітабын оқимыз» атты тақырыптық көрме ашылды

20.03.2018, 03:48 217 0

Еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының, ҚР кітапханашылар Ассоциациясының бастамасымен 2007 жылдан бері «Бір ел-бір кітап» акциясы өткізіліп келеді. Биылғы жылы осынау акция аясында Шәкәрім Құдайбердіұлы, Бауыржан Момышұлы және Немат Келімбетовтің шығармаларын оқу ұсынылып отыр. Осыған орай А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасының оқу залында оқырмандар үшін «Рухани жаңғыру: жыл кітабын оқимыз» атты тақырыптық көрме ашылды.


Көрмеге ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының, қазақтың қаһарман ұлдарының бірі, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар майдангер - жазушы Б.Момышұлының, жазушы, аудармашы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, ғалым Немат Келімбетовтің еңбектері қойылған. Осыған орай кітапхана ұжымы оқырмандарды «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысып, ақын- жазушыларымыздың шығармашылығымен танысуға шақырады. Сондай-ақ оқырмандар аталған авторлардың өзіне ұнаған шығармасын бейнекамера алдында дауыстап оқып, «Оқылған кітаптар экранда» жобасына да қатыса алады.

217
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив