KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

19.03.2018, 10:30 124


Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болып табылатын Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Тамырын тереңнен тартқан осы мереке бірлігімізді бекемдеп, татулығымызды нығайтып, риясыз куанышқа кенелте берсін.


Ұлтымыздың мерейін асқақтатып, бар болмысымызды айшықтай түсетін Әз Наурыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен дамудың даңғыл жолымен жүріп келе жатқан елімізге жаңа жетістіктер әкелсін.


Ардақты ағайын! Мерейлі мерекеге орай Сіздерге мықты денсаулық, жемісті еңбек, әр шаңыраққа ынтымақ пен шаттық, бақыт пен молшылық тілеймін. Асыл армандарыңыз бен ақ тілектеріңіз орындалсын.


Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив