KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

Көлік қағып кеткен бала ауыр жағдайда ауруханаға түсті

16.03.2018, 13:41 114

Өскеменде 10 жасар бала жол-көлік оқиғасынан зардап шегіп, ауруханаға түсті. Қазір балалардың жарақат бөлімінде ем қабылдап жатыр.


–Кеше кешкі сағат 18.00 шамасында  Lexus RX 300 автокөлігінің жүргізушісі  Көкжал Барақ көшесіндегі  7/1 үйдің қасындағы жолдан өте бергенде  реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жүргіншіге жол бермеген.Соның салдарынан 10 жастағы жеткіншек  зардап шекті.Жүргізушіге қатысты  әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР ҚК 610 б. бойынша хаттама толтырылды,-деді бұл оқиға туралы қалалық ІІБ баспасөз қызметінің маманы Самал Ғадылбекова.

Кеше бұл оқиғаға  қатысты фотосуреттер де әлеуметтік желіні шарлап кетті. Тұрғындар өз балаларының қауіпсіздігне орай үлкен алаңдаушылық танытуда.


– Бұл оқиға тура жолаушылар өтетін жерде болды. Көліктің қатты келгені соншалық, баланың аяқ киімін де ұшырып жіберді. Түні бойы сол баланың жағдайын ойлап алаңдап шықтық,-деп жазды  оқиғаны көрген куәгерлердәң бірі әлеуметтік желіде.

Қазір бала  дәрігерлердің бақылауында. Бас ми шайқалысы анықталған. Бүгін таңға дейін жағдайы жақсарды.


– 10 жасар Богдан бізге кешке кешке түсті. Жағдайы ауыр болды. Таңға дейін ем-шара жүргіздік. Қазір жағдайы тұрақталды,-деді Ана мен бала орталығының емдеуші дәрігері Рафаэль Халитов.

–Баламның жағдайы жақсы,құдайға шүкір,алаңдаушылық танытқандарға үлкен рахмет айтамын,деді  зардап шегушінің анасы Наталья.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив