KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 1,7 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Аягөзде Омархан қари жүлдесі он бірінші рет өткізілді

15.03.2018, 04:00 265

Жуырда № 4 орта мектеп пен Мамырсу ауылдық округіндегі балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залдарында мектеп қызметкерлері арасында халыққа еңбегі сіңген емші, ұстаз Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қари жүлдесіне арналған волейболдан жарыс өткізілді. Биыл он бірінші рет ұйымдастырылып отырған жарысты № 4 орта мектеп үнемі жоғарғы дәрежеде өткізіп келе жатыр екен.


Сайыс басталар алдында оқушылар ән айтып, әсем би билеп, жиналғандарға шаттық сыйлады. Бұл күні жарысқа 11 команда қатысты. Қала мектептерінен № 1, № 4, К. Бозтаев атындағы орта мектептері, балалар – жасөспірімдер спорт мектебі, политехникалық колледж командалары қатысса, ауылдық округтерден Айғыз, О. Меңаяқұлы, М. Әбеулов, Ж. Жабаев, Т. Көбдіков, С. Ғаббасов атындағы орта мектептердің командалары жарыс жолына шықты.



Сонымен, ақтық ойындарға №1, № 4, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі командалары жолдама алып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Қорытындысында №1 орта мектеп командасы І орынды, балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің командасы ІІ орынды, ІІІ орынды № 4 орта мектебінің командасы иеленді.


 


Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер және үздік ойыншылар Қазыбай қаридың ұлдарының арнайы әкелген кубоктарымен, аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив