KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО әкімі Даниал Ахметов айлық қызметақысын «Аягөз-Болашақ» қорына аударды

14.03.2018, 16:40 153

Шығыс Қазақстан облысының басшысы бүгін өткен брифинг барысында Аягөз ауданында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді.


-Ел басына күн туған кезде бей-жай қарамайтын адамдардың бары қуантады, - деді Даниал Ахметов. – Ең ауыр жағдай Аягөзде еді – біз оны шештік. Әзірше 73 адам мектеп-интернатты паналап отыр, оларға жан-жақтан көмек көрсетіліп жатыр. «Аягөз-Болашақ» қоры да жұмыс істеп тұр. Бүгін таңертең мен өзімнің айлық қызметақымды осы қордың шотына аудардым.

Айта кетсек, аймақта су тасқынынан зардап шеккендерге түрлі форма гуманитарлық көмек көрсетілуде. Облыс тың дін басылары «Шығыстың асары» акциясын ұйымдастырып, қаланың мешіттерінде азық-түлік, ақшалай қаражат, киім-кешек, көрпе-жастық және тағы да басқа қажетті заттар қабылданып жатыр.


“Нұр Отан” патриясының ШҚОФ  мен “Жас Отан”  жастар қанаты гуманитарлық көмек жинау пунктін ашты. Мұндағы жәрдем жылы киім-кешек, резеңке су етік, бұзылмайтын азық-түлік түрінде қабылданады. Қосымша пункт Өскемен қаласы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-де жұмыс істейді.


Бұлардан бөлек, елдің қоғамшылары мен кәсіпшілер одағы «Тасқын көмек-2018» акциясына бастамашылық етіп отыр. Өткен жылы мұндай акция су тасқынынан зардап шеккендерге 10 тонна көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив