KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Өскемендегі сол жағалауда емхана ашылады

14.03.2018, 10:03 167

Кеше аймақ басшысы Даниал Ахметов облыс орталығындағы бірқатар денсаулық сақтау мекемелерін аралап, емханалардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.


Атап айтқанда, Ана мен бала орталығында, №1 Өскемен қалалық ауруханасында, облыстық онкологиялық диспансерде болды. Сонымен қатар Өскемендегі Халықтар достығы көшесіндегі жаңа емханаға арналып қайта жасақталып жатқан ғимараттың жұмыс барысын қадағалады.


Аталмыш ғимаратты емханаға айналдыру мақсатындағы құрылыс, жөндеу жұмыстары былтыр басталған еді. Бүгінде жұмыстың әдеуір бөлігі аяқталған. Енді жиһаздар, қажетті құралдар мен медициналық қондырғыларды орнату ғана қалды. Облыс әкімі Даниал Ахметов қалған жұмыстарды тез арада аяқтап, емхананы мамырдың ортасы дейін пайдалануға беруді тапсырды.


Екі айдың көлемінде ашылатын №2 емхананың бас дәрігері Екатерина Татикованың айтуынша, бұл емхана Жыланды, Куленов, Үлбі аудандарының тұрғындарына медициналық көмек көрсететін болады. Күніне 212 адамды қабылдай алатын емхана ультра дыбыстық зерттеу, флюрография, тағы басқа қажетті құралдармен қамтылып, науқастарға терапевт, педиатр, невропатолог, гинеколог сияқты мамандар қызмет көрсетеді.


Ал қазір бос тұрған, бұрынғы медициналық жәдел жәрдем ауруханасының ғимаратына тері аурулары диспансері орналасып, енді бір бөлігінде медицина қызметкерлеріне арналған жатақхана ашылуы мүмкін.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив