Өскемендіктер ауыз судың сапасына алаңдаулы

Экологиялық қауіпсіздік орталығына топан судан соң ауыз судың сапасына күмәнданып отырмыз деген өскемендіктер жиі хабарласып жатыр. Тұрғындар кәріз құдықтарынан ақтарыла аққан судың аулаларды қалай басқанын өз көзімен көрген. Енді құдықтар мен колонкалардағы судың тазалығына алаңдаулы. Экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары дәл осы сұрақ бойынша қаланың коммуналдық қызметіне хабарласты.
- Күн сайын барлық су көздеріне талдау жасалады. Әзірге судағы барлық құрам стандартқа сай. Кез-келген тұрғын «Өскемен-Водоканал» КММ өтініш жазып, сұрап біле алады,-деді аталған кәсіпорынның бас инженері Андрей Алехнович.
Ал "Өскемен Водоканал" мекемесіне қарасты емес,жеке құдықтағы суының сапасына күмәнданатын азаматтар бұл қызметті аталған мекемеде ақылы түрде ала алады.
Елена Полянцева.
Сонымен қатар оқыңыз
"Көгілдір бұғаз" дәретханаға айналып барадыЗырянда көмірдің бір тоннасын 9 мың теңгеге сатып алуға болса, «Ертістранс» ЖШС айлағында көмір 7 800 теңге тұрады. Көмірдің бағасындағы осындай үлкен айырмашылыққа кім кінәлі?Терможаңғыртуға тереңірек мән берген дұрысНұржан Қуантайұлы: Әдеби шығармаларға деген талаптар заман өткен сайын өзгере бермекРесейде аққан жұлдыздардан жауған жаңбырдан соң 100 адам дәрігерлік көмек сұрады (+сурет)