KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Басым бағыттарды жүзеге асыру - парыз

9.03.2018, 08:13 153

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінде «Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасованың және аумақтық қазынашылық басқармалары басшыларының қатысуымен Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында айтылған негізгі бағыттар мен міндеттерді талқылауға арналған жиын өтті.


Департамент басшысы Мұқтар Төлегенұлы Елбасы Жолдауы тақырыбының өзі айтып тұрғандай,   дамудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатындығын атаса, Майраш Екібасова маңызды құжатта айтылған үш тілді меңгеруге, оның ішінде ағылшын тілін жете білу әр қазақстандық үшін заман талабы екеніне және Жолдауда атап көрсетілген адами капиталдың жаңа сапасына, сонымен қатар қоғамды жайлаған жемқорлықпен күрес міндеттеріне ерекше тоқталды. Сондай-ақ Жолдауда жүктелген міндеттер еліміздің алдағы уақытта әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруіне тың серпін беретіндігін, оларды жүзеге асыруға бүкіл қоғам болып жұмылу қажеттігін жеткізді.



Басқосуда департамент басшысының орынбасары Ақылбек Қарабалаев Президент Жолдауында айтылған тиімді мемлекеттік басқару міндетін орындаудағы қазынашылық саласының атқаратын рөлі турасында баяндаса, департаменттің жас маманы Әйгерім Сейфжанова Жолдаудың жастар үшін маңызды тұстарын жиналғандармен бөлісті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив