KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Банктер заңсыз комиссия алып келген бе?

9.03.2018, 08:05 92

– Өткенде Qazaqstan телеарнасында банктердің артық ақша алғаны және қазір қайтарып жатқаны туралы айтылды. Сол қаншалықты шын? Егер шын болса, қайда жүгінуге болады?


Самал Медетқызы


Қалбатау ауылы,


Жарма ауданы.

Сауалға заңгер Әйгерім Қалдықұлова жауап береді:


– Еліміздің кейбір екінші деңгейлі банктері бірнеше жыл бойы несие рәсімдеген тұтынушылардан заңсыз комиссия алып келгені жақында расталды. Мұны білген тұрғындар сот арқылы кеткен еселерін қайтаруда.


Мәселен, Ақтау қаласында арнайы заң мамандары тұтынушыларға тегін кеңес беріп жатыр. Заңгерлер келісімшарттарды қайта қарап, заңсыз комиссияны қайтару жолдарын көрсетуде. Бұл туралы, өзіңіз айтқандай, Qazaqstan телеарнасындағы сюжетте толық айтылды.


Мәселен, соңғы тоғыз айдың ішінде осы бағытта 1164 іс қаралып, 1024 іске қатысты шешім шығарылған. Несиенің көпшілігі көлік және тұтыну тауарларын алу үшін берілген. Былтырдан бері 2 млн. теңге заңсыз комиссия өндіріліп, тұтынушыларға қайтарылған.


Ең бастысы, заң бойынша 2016 жылдың бірінші шілдесіне дейін алынған несие болуы керек. Одан кейінгі уақытта банктің бұл қызметі заң арқылы заңдастырылған. Артық соманы қайтару үшін бұрын несие алғандар алдымен банкке барады, арыздарын жазады, комиссияларын сұрайды. Олардың хаттарын, жауаптарын алып, заң жүзінде сотқа жүгіне алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив