KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, З
447.4 477.55 4.76

ШҚО жолдарындағы бүгінгі ахуал

7.03.2018, 08:20 223

Бүгін  7 наурыз күні ауа-райындағы қолайсыз өзгерістерге байланысты облыстағы бірқатар жолдар жабылып, кейбір бағыттардағы қозғалыстарға шектеу қойылды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар басқармасының ресми сайтында хабарланды.


Қозғалыс шектелген  жолдар (Қазақавтодор" ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша):


- Сағат 11:15-тен бастап республикалық маңызы бар "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автомобиль жолының 15-123 шақырымындағы "Глубокое кенті бұрылысынан-РФ шекарасы" учаскесінде көктайғаққа байланысты жүк және жолаушылар көлігі үшін шектеу енгізіледі.


-Сағат 10:35-тен бастап республикалық маңызы бар "Өскемен-Семей" автомобиль жолының 3-113 шақырымындағы"Семей- РФ шекарасы" учаскесінде және 48-198 шақырымындағы "Таврия-Семей" учаскесінде қатты жел, көктайғаққа байланысты жүк және жолаушылар көлігі үшін шектеу енгізіледі.


-Сағат 08-30-дан бастап республикалық маңыздағы автожол: "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" 15-105 шақырымындағы "Белоусовка-Риддер " учаскесінде жүк және жолаушы тасымалдау көліктері үшін шектеу қойылды.


Жабылған жолдар  ("ОблШығысжол" КМК ақпараты бойынша):


-Сағат 12.00-ден бастап "Өскемен-Таулы Үлбі-Северное" 30-37 шақырымында қар көшкінін профилактикалық түсіруге байланысты облыстық маңызы бар жалпы пайдаланатын автомобиль жолдарында көліктің барлық түрі үшін жабылады.


-6 наурыз сағат 23-55-тен бастап республикалық маңыздағы автожол: «Өскемен-Семей» ( 48-198 шақырымы Таврия-Семей), «Омск-Майқапшағай» (756-906  шақырымы Семей -Қалбатау) «Семей-РФ шекарасы» (3-113 шақырымы Семей-РФ шекарасы) барлық автокөлік түрлері үшін жабық.


Ашылған жолдар:                                                                               


Кеше  жабық  деп жарияланған облыстық маңыздағы автожол: 1) «Семей – Курчатов» (0-130 ш) 2) «Семей-Долонь-Үлкен Владимировка-Сосновка-Қоянбай» (0-184 шақырымы); 3) «Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха» (0-87 шақырымы); 4) «Бородулиха-Жезкент» (0-49 шақырымы); 5)“Өскемен-Семей-«Шүлбі-Жаңа Шүлбі»-Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха” (0-44 шақырымы) бүгін сағат 07-00-ден бастап қайта ашылды.


Сонымен қатар, Білім басқармасының ақпараты бойынша Семей қаласында көктайғақ пен күшті желге байланысты 1 ауысымға, 1-11 сынып аралығына, колледждердің 1-2 курстарына сабақтар болмайды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив