KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Семей мен Зырянда депутаттар сайлауы өтеді

6.03.2018, 08:06 127

Ағымдағы жылдың 25 наурызында облыстың екі мәслихатының сайлау округтері – Семей қаласы мен Зырян ауданында шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауы өтпек.


Шығып қалғандардың орнына Шығыс Қазақстан облысының мәслихат депутаттары сайлауындағы кандидаттарды ұсыну және тіркеу нәтижелері туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде жаңа өткен брифингте аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Александр Рукин мәлімдеді.


Оның айтуынша, 2018 жылғы 24 қаңтарда облыстық сайлау комиссиясы өз мәжілісін өткізіп, облысымыздың екі сайлау округі бойынша «2018 жылғы 25 наурызға шығып қалғандардың орнына Шығыс Қазақстан облысының мәслихаттары депутаттарын сайлауын тағайындау туралы» № 1 қаулы қабылдаған.


Соған сәйкес облыстық сайлау комиссиясымен сайлауға дайындық және өткізу бойынша басты іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілген, сайлау комиссияларының құрамдары нақтыланған.


– 25 наурыздағы сайлауда барлығы 19 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Соның ішінде 14 учаскелік, 2 округтік, 3 аумақтық сайлау комиссиясы. Күнтізбелік жоспарға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлау учаскелерінің, округтарының шекаралары, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары жарияланған. Аудандық атқару органдарымен аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары орналастырылып, қажетті материалды-техникалық құралдармен, тұрақты телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Сайлау комиссиялары мүшелерінің кезекшілік кестесі бекітіліп, комиссиялар ғимараттарында ілінген. Сайлау комиссиялары күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді,-деді брифинг барысында Александр Рукин.

Атап өтерлігі, мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеудің соңғы күндері сағат 24.00-ге дейін кезекшілік ұйымдастырылған (2018 жылғы 24 және 27 ақпан күндері).


Ақпарат ретінде айтар болсақ, шығып қалғандардың орнына депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 24 ақпанда аяқталған.  Барлығы депутаттыққа 7 кандидат ұсынылса, сонын ішінде 4-уі өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен, 3-і саяси партиялардан шыққандар. Екеуі ер, бесеуі әйел адам, ұлты бойынша 3 - қазақ, 3 - орыс, 1 – татар. Бәрі де жоғары білімді.


Ал мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу 27 ақпанда аяқталып, барлығы мәслихат депутаттығына 6  кандидат тіркелген.


– 2018 жылғы 5 наурызға дейін ШҚО сайлау комиссияларына сайлау мәселелері бойынша азаматтардан ешқандай өтініш келіп түспеді. Сайлау заңнамасына және күнтізбелік жоспарға сәйкес облыста сайлау кампаниясын жүргізу бойынша жұмыс жалғасуда, - деді Александр Рукин.

 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив