KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа сапасы төмендейді

28.02.2018, 06:24 220


Сәрсенбі, 28 ақпан күні метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасының төмендеуіне ықпал ететін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.



Атап айтқанда, Алматы, Астана, Ақтау, Жаңаөзен, Ақтөбе, Атырау қалаларында метеожағдайлар ластаушы заттардың атмосферада жиналуына ықпал етеді.



Ал Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Ақсай, Орал, Өскемен, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз және Шымкент қалаларында керісінше, ластаушы заттар ауада ыдырайтын болады.



Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазгидрометтің www.kazhydromet.kz сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайға (ҚМЖ) болжамдар жарияланады.



ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.



Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив