KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Жаңа оқу жылына арналған оқулықтар тізімі наурызда жасалады - Сағадиев

28.02.2018, 05:36 160


ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылына арналған оқулықтар наурызда дайын болатынын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.





-4 жылда бір рет міндетті түрде оқулық сатып алу нормасы алынып тасталды. Білім стандарттарына, оқу бағдарламасына тек қана маңызды өзгерістер енгізілген жағдайда жаңа оқулықтар қайта басылып шығады. Жергілікті атқарушы органдарға оқулықтармен толық қамтамасыз ету үшін қажеттілігіне қарай ғана сатып алатын мүмкіндік берілді. Баспалар оқулықтың электрондық нұсқасын міндетті түрде ұсынатын болады. Апробация 1-11 сыныптарда барлық деңгейде жүргізіледі. Бұрын тек қана бастауыш білім беру ұйымдарына ғана өткізіліп келген болатын», - деді Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта облыстық білім басқармалары мен ЖОО-лардың ұсыныстары бойынша пəндік комиссияның құрамына кірген мектеп мұғалімдері мен ғалымдар оқулықтардың сапасына жəне олардың мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сəйкестігін қарауда. Наурызда келесі оқу жылына арналған оқулықтардың тізімі жасалып, сəуір айында əкімдіктер оларды сатып ала бастайды. «Бүгінгі күні Ақмола облысына 426 млн, Алматы облысына 45 млн, БҚО-ға 700 млн, Қостанай облысына 415 млн, Қызылорда облысына 428 млн, ОҚО-ға 300 млн теңге қосымша қажет (жаңа оқулықтарды сатып алуға - авт.) болып тұр, - деді министр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив