«Шәкәрім оқулары» жастарды ғылым жолына бағыттады

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университете «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай «Білімді жастар – болашаққа жол бастар» атты үш күнге созылған республикалық жастар форумының аясындағы «Шәкәрім оқуларының» ІІІ қалалық ғылыми конференцияның пленарлық мәжілісінде Көлік колледжінің студенті Ислам Фархадов «Тарихи және мәдени дәстүрлердің сақталуы-Қазақстанның жарқын болашағыынң кепілі» атты баяндама жасаса, Рымбек Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінің студенті Әмір Мақашев «Киберщит» атты мағыналық зерттеуін ортаға салды.
-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі-Ұлы тарих және мәңгілік ел,-деді №15 мектептің оқушысы Виктория Люшненко, -менің ойымша осындай конференциялары жас зерттеушілерге мүмкіндік жасайды. Шәкәрім университетіне үлкен рахмет! Жастар ғылымына ден қойға ұйымдастырушыларға ризамын.
Конференция жұмысының қатысушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары бойынша, инженерлік, аграрлық, химия, физика, математика, жаратылыстану, педагогикалық, экономикалық информатика және ақпараттық технологиялар бойынша өздерінің зерттеу жұмыстарын ортаға салды.
«Шәкәрім оқулары» ІІІ қалалық ғылыми конференциясына Семей қаласынан, Озерка, Приречное, Глуховка елді-мекендерінен, сондай-ақ, Абай және Бесқарағай аудандары бойынша 24 мектеп пен колледжден 300-ден астам мектеп оқушылары мен студент жасар қатысып отырды. Үздік баяндамалардың авторлары алғысхаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.