KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да «Күнделік.kz» жүйесіне 397 мектеп қосылған

26.02.2018, 08:29 151

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 29 тамызындағы №536 бұйрығының негізінде орта білім беру мекемелері «Күнделік.kz» жүйесіне қосылуды бастаған еді. Қазіргі уақытта ШҚО бойынша 397 мектеп қосылып отыр екен. ШҚО білім беру басқармасының мәлімдеуінше, бұл мектептердің жалпы санының 60 %-ын құрайды.


«Күнделік.kz» -  электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай жүйесі. Онда оқушының оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы барлық ақпарат жинақталады. Бұл мұғалімдерді қағазбастылықтан босатып, ата-аналар үшін оқу қызметінің ашықтығын арттырады. Kundelik.kz контенті толық қорғалған, сондықтан мұнда балаларға зиян тигізетін ақпараттар болмайды.


-«Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың аясында 2021 жылға дейін аталмыш жүйеге облыстағы Ғаламтор желісіне кеңжолақты қолжетімділігі бар мектептерді толық қосу жоспарлануда, - деп хабарлады басқармада.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив