KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2,9 м/с, СБ
444.22 476.38 4.82

Өскеменде трамвайлар кешке дейін жүрмейді

26.02.2018, 07:55 152

Өскемендіктер әне тоқтайды, міне тоқтайды деп жүрген трамвайлар ақыры тоқтап тынды.


« Бүгін сағат 10 да Өскемен трамвай паркінің үш подстанциясының біріне электр энергиясын беру тоқтатылды. Соның салдарынан  «Приборлар зауыты»нан Защита ықшам ауданына дейін қатынайтын №3 трамвай вагондары  желіге шыққан жоқ. Бұл бағытпен трамвай паркі жолаушыларының 30 пайызы қатынап келген болатын» деп хабарлады редакцияға   облыс кәсіпкерлері палатасының баспасөз қызметі.


« Шығысэнерготрейд» ЖШС не 70 миллионнан астам теңге қарыз болып келе жатқан Өскемен трамвай паркінің директоры Анатолий Успенский облыс  кәсіпкерлері палатасына телефонмен энергетиктердің бүгін барлық подстанцияларға энергия беруді  уақтыша шектейтінін айтып жатқанын,  трамвайлар түгелдей тоқтап қалуы мүмкін екенін хабарлаған.


«Трамвай паркі  биыл алтыншы жыл осындай қиын жағдайда жұмыс істеп келеді. Бізге жергілікті биліктің аталған кәсіпорынды неге қолдамай отырғаны түсініксіз, қалған тасымалдаушыларға дәл осындай жағдайда барлығы  қолдау көрсетіп жатыр» дейді облыс кәсіпкерлері палатасының директоры Игорь Шацкий» делінген кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабарламасында.


Трамвайлардың тоқтатылуына байланысты «Шығысэнерготрейд» ЖШС нің баспасөз қызметі кәсіпорынның трамвай паркіне қойып отырған электр энергиясын шектеу амалдарына байланысты (алдын –ала ескертілген хабарламаға сай) бүгін, 26 ақпанда  Өскеменде барлық бағыттағы трамвайлар   күндізгі сағ 10 нан кешкі 17.00 ге дейін уақытша  тоқтатылып отырғанын айтты. Шектеудің қай уақытқа дейін созылатыны әзірге белгісіз.Қазір тоқтап қалған трамвайлардың бағытында №15 және №27 автобустар жүріп жатыр.


 


    


 


 


 


 


 


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив