KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 1,9 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Аягөз ауданында жол жөндеу кезең-кезеңімен атқарылуда

26.02.2018, 04:21 198

Өңірімізде жол жөндеу жұмыстары да ескерусіз қалмай, өткен жылдың өзінде біршама шаруалар атқарылды.  Барша қауымды алаңдатып отырған бұл мәселені аудан кезең-кезеңімен атқаруды қолға алынған. Рас, өңір бойынша аудан, облыстық мекемелердің шамасы жетпейтін республикалық деңгейде шешімін күтіп жатқан жолдар баршылық.


Жалпы, Аягөз ауданының аумағында республикалық, облыстық және жергілікті маңыздағы жол 1158 шақырым болса, өткен жылы соның 201 шақырымнан астамына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 2 км 117м, қайта жаңғырту жұмыстары  4,38 шақырым, орташа жөндеу жұмыстары 17, ағымдағы жөндеу жұмыстары  16 болса, 57929 м2 шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аталған жұмыстардың нәтижесінде жақсы деңгейде 216 км 7 м, орташа деңгейде  602 км 5 м, төмен деңгейде 338 км 8 м болды. Биылғы 2018 жылға аудандық маңызы бар 408 шақырым жолдарды күтіп ұстауға және қала және елді мекендегі жолдар мен көшелерін жөндеуге және күтіп ұстауға жиыны 365,9 млн.теңге бөлініп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив