KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Шығыс Қазақстанда  заңсыз автотасымалдаушылармен күрес жүріп жатыр

22.02.2018, 09:37 136

Ауданаралық көлік қатынасындағы проблема  заңсыз автотасымалдаушылар сұрағымен ғана шектелмейді. Мәселен Абай, Бесқарағай,Ұлан аудандарында бүгінгі күні бірде-бір ауданішілік автобус жүрмейді. Бұл жағдай Аягөз,Жарма,Тарбағатай аудандарында да өзекті. Ал  облыстың 9 ауданындағы транспорт қызметінің қолжетімділігін арттыру мақсатында аудан ішінде және қала ішілік автобус қатынастарына субсидия бөлінетінін ескерсек, мәселенің мәні тереңде жатқанын түсінуге болады.


Сонымен қатар облыста заңсыз автотасымалдаушылармен күрес мақсатында жұмыс тобы құрылды. Өйткені дәл осындай тасымалмен айналысатын қоғамдық көліктер  қайғылы жол-көлік оқиғаларына  жиі себеп болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив