KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Ауылға ауыз су құбыры тартылады

21.02.2018, 07:13 234

Биыл Бастаушы ауылына ауыз су құбыры желілері тартылады. Бұл жобаның жалпы сметалық құны 353, 452 миллион теңгені құрап отыр.


Құрылыс жұмыстарын «Жарма Құрылыс-Газ» ЖШС мердігер компаниясы жүргізбек. Аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Джилкишевтің айтуынша, ағымдағы жылы «Аймақты дамыту» бағдарламасы аясында бірқатар жоба жүзеге асырылмақ.


-Биыл аудандағы ауыз су мәселесін шешу мақсатында құны 3 598, 372 миллион теңгені құрайтын төрт жобаны қолға алдық. Алдағы уақытта аудан тұрғындары бұл жобалардың игілігін көретін болады, - дейді Қайрат Джилкишев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив