KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Аңыз бен жырға айналған қала

20.02.2018, 04:49 167

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жастарға патриоттық тәрбие беру, туған өлкесінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында  М.Әуезов атындағы педагогика колледжі студенттерімен «Аңыз бен жырға айналған қала»  атты әдеби-сазды кеш өткізілді.


Шара басында кітапханашы Семей қаласының тарихы, тарихи тұлғалар ұлы Абай, Шәкәрім және Мұхтар, сондай-ақ, қаламыздағы ескерткіш орындары, көшелері туралы әңгімеледі. Көшелердің атауы еліміздің тарихынан сыр шертетінін, оның белгілі бір ғасырда өмір сүрген, өлкеміздің танымал адамдары өмірінен хабардар ететіндігі айтылды. Кітапханашы қаламыз өзінің даңқты батырларымен, атақты ақын-жазушыларымен мақтанатынын жеткізді. Қала көшелеріне еліміздің және қаламыздың өркендеуіне өз үлестерін қосқан тұлғалардың есімдері берілгенін тілге тиек етті.


Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезов қөшелерінің тарихы, өткені мен бүгіні жөнінде ақпараттар беріліп,  «Семей қаласы кеше және бүгін» атты бейне-фильм көрсетілді.


Шара барысында студенттер  «Сен өз қалаңды білесің бе?» атты  сұрақ-жауап  ойынына қатысып, өз өлкесінің тарихы, мәдениеті, табиғи байлықтары туралы білімдерін танытты. Кештің жалғасында П. Васильевтің, М. Сұлтанбековтың, А.Кузнецовтың және тағы басқа  жергілікті ақындардың өлеңдері оқылып, қаламызға арналған, шын көңілден шыққан шығармашылық шабытқа, мейірімділікке, Отанға деген сүйіспеншілікке толы әндер шырқалды. Соңында «Туған қалам - Семейім» атты кітап көрмесіне  қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив