KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
448.81 476.82 4.77

Ерекше жандарға жағдай жасалып отыр

16.02.2018, 10:00 186

Шығыс Қазақстан облысында бүгінгі таңда 56 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген. Біздің өңір ерекше жандардың саны жағынан елімізде алдыңғы орындардың бірінде тұр. Сол себепті аймақта осындай жандардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты шаралар үнемі жетілдіріліп келеді.


Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Асхат Садыровтың ақпараты бойынша, әлеуметтік бағдарламалардың шеңберінде протезді-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар, жылжуға көмектесетін аппараттар мен тазалық құралдары сатып алынады. 8 мыңнан астам адам осындай құралдарды алып тұрады.


Өңірде мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсарту мақсатында  8  арнайы «инватакси» көлігі қызмет көрсетеді. 2017 жылы осы қызмет түрін 400 адам пайдаланған. Аймақта ерекше жандарды оңалтуға бағытталған 15 мамандандырылған орталық, Шемонайха ауданындағы Выдриха ауылында «Уба» сауықтыру және тағы бір оңалту орталығы  жұмыс істейді. Денсаулығында кінәрат бар кез келген шығысқазақстандық тұрғынға аталмыш мекемелердің арнайы қызметін пайдалануға болады.


-Елбасы Жолдауында халықты әлеуметтік қорғау органдарының алдына нақты тапсырмалар қойылған. Солардың бірі – жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті көрсету мен халықтың әлсіз тобына әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыны, жәрдемақыны дер кезінде тағайындап, уақытында төлеу, - дейді Асхат Садыров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив