KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Шығыс Қазақстанда әуе бағыттары қайта қалпына келді

15.02.2018, 07:48 144

19 ақпаннан бастап облыс ішіндегі әуе бағыттары қайта қалпына келтірілді. Бұл туралы ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлап отыр.


Бұл рейстердің тасымалдаушысы –  «Оңтүстік аспаны» әуекомпаниясы» АҚ. Әуе кемесі – АН-24


Өскемен – Зайсан – Өскемен бағыты бойынша аптасына 1 рейс әр дүйсенбіге жоспарланған.  Өскемен – Семей – Үржар – Семей – Өскемен бағыттарында да аптасына 1 рейс жұма сайын жұмыс істейді.


Әуе билеттерінің тарифтері 4000-нан 10000 теңге аралығында. Облыс орталығынан Семей қаласына ұшу 4000 теңге болса, Зайсанға – 8000, Үржарға – 10000 теңге. Ал Өскемен - Үржар бағытындағы билеттердің құны 10000 теңге тұрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив