KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да «Мүмкіндігі шектеулі балаларды қуантайық!» акциясы өткізілуде

14.02.2018, 06:28 167

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен «Мүмкіндігі шектеулі балаларды қуантайық!» атты акциясы өтті.


Осы акция аясында Өскемен қаласындағы «Мүмкіндігі шектеулі балалар үйіндегі» жас жеткіншектерге және Күршім ауданындағы «Күршім аудандық мешіті» мүмкіндігі шектеулі балаларға өзгеше қайырымдылық шарасын жасады.



Өскемендегі қайырымдылық шарасын Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті ұйымдастырып отыр.


«Біз мүмкіндігі шектеулі балаларға әркез қайырымдылық жасап келеміз. Оларды қуанту сонымен қатар оларға қоғамның мейірімді екендігін таныту біздің басты мақсатымыз»,- деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар. Іс-шара барысында балаларға тәттілер мен ойыншықтар, әртүрлі спорттық құрал-жабдықтар үлестірілді. Сонымен қатар оларға ерікті жастар ән айтып беріп, қызықты ойындар көрсетіп, көңілдерін көтерді.



Күршім ауданында өткен шара барысында балаларды спорт залда ойнатып, қызықты хикаялар айтып беріп, ойыншықтар тарту етті.


-Аудандық мешіттен осындай игі шараларды үнемі өткізіп келеміз. Жас жеткіншектерге қуаныш сыйлау аса сауапты іс. Асыл дінімізде осындай сауапты, салауатты іске аса маңыз берілген, - дейді  «Күршім аудандық мешітінің» бас имамы Тілейбек қажы Соянұлы.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив