KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

«Экологиялық жасақ» байланыста болады

12.02.2018, 05:00 196

Өскемендегі экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары «Экологиялық жасақ» жұмысының нәтижелерімен бөлісті. Жасақ қызметі облыс тұрғындарымен биыл да байланыста болады .


2017 жылы қала тұрғындарының экологиялық мәселелер туралы хабарлап, куә болған экологиялық заң бұзушылықтар жайлы жазып, фото суреттерін жолдауы үшін арнайы «Ватсап» байланысы ашылған болатын.


Бір жылға жуық уақыттың ішінде телефон байланысы арқылы қалалықтардан 330 хабарлама, арыз –шағым келіп түскен. Шағымдардың көпшілігі заңсыз пайда болған тұрмыстық қалдық орындарына байланысты болып отыр.  Қала тұрғындары облыс орталығындағы ЖЭО- лар мен ірі кәсіпорындардың мұржаларынан шығып жатқан шығарындылар, аялдамаларды, көшелерді көк түтінге көміп кететін автокөліктердің қала ауасының ластануына тигізіп отырған әсері жөнінде де көптеген хабарламалар жазып, фото суреттер салған. «Экологиялық жасақ» экологиялық заң бұзушылықтарды жоюға орай 85 рет рейдке  шығып, тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік қадағалаушы орындарға 38 ұсыныс түсірген.


- Біз бірде бір өтініш, шағымды қараусыз қалдырмаймыз. Барлық заңсыз қалдық сақтау орындары тізімге алынып, тазартылу үшін  коммуналдық кәсіпорындарға берілді. Өндірістік шығарындылар мәселесі бойынша кәсіпорындардың экологиялық қызметтерімен байланысып отырмыз. Күрделі жағдайларда құзырлы  мемлекеттік органдарға хабарлап,  мәселенің байыбына баруға БАҚ ты да қосамыз. «Экологиялық жасақ» қызметі байланысына Шымкент, Алматы қалаларынан хабарласқан тұрғындар да болды. Бұл бүгінде экология тақырыбы  бүкіл еліміз үшін ең басты мәселеге айналғанын көрсетсе керек, -дейді эколоиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.

«Экологиялық жасақтың» көмегімен медициналық қалдықтар орыны, Ертіске жанар майдың төгілуі, Бұқтырма су қоймасына кәріз суы қалдықтарының төгіліп  жатуы, кенеттен шыққан өрт ошақтары тәрізді бірнеше ірі экологиялық заң бұзушылықтар мен техногенді оқиғалар анықталып, жойылды.


«Экологиялық жасаққа»  87057526566 - ватсап нөмірі арқылы хабарласып, оқиға туралы фото суреттерді жіберуге болады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив