Аймақта ауыл шаруашылығына арналған форум өтеді

27 ақпанда облыстық драма театрда аймақтағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының, тыңайтқыш, гербицидтерді жеткізуші ресми диллерлердің қатысуымен ауыл шаруашылығын сапалы тұқыммен, тыңайтқышпен қамту, егіс түсімін арттырудағы тәжірибелерді тарату, шаруашылықтарды гербицидпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған халықаралық семинар-форум өтеді.
Ауыл шаруашылығымыз алға адымдаған сайын тұқым, арамшөп, өсімдік аурулары, өнімділік мәселесінің де өзектілігі артып барады. Ағымдағы жылы 709 мың гектар алқап арамшөптерге қарсы өңделмек. Фитосанитарлық болжау бойынша 8,7 мың гектар жер жемір шегірткеге қарсы өңделгелі отыр. 27 ақпанда облыстық драма театрда аймақтағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының, тыңайтқыштарды таратумен айналысатын ресми диллерлердің қатысуымен өтетін халықаралық семинарда тұқым, гербицид төңірегіндегі түйткілдерді шешу жолдары да іздестірілмек.