KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Жұмыскердің тәртіптік жауапкершілігіне не жатады?

11.02.2018, 02:20 244

– Жұмыскерлердің тәртіптік жауапкершілігіне жатады және тәртіптік жазаны қолданудың түрлері қандай?


Мұрат Садықов,


Шемонаиха ауданы


Сауалға «ШҚО кәсіподақтар орталығы» кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің заң мәселелері жөніндегі бас маманы Батырбек Нұрпейісов жауап береді:


– Еңбек қызметінде тәртіптік жауапкершілік деген түсінік бар. Бұл жұмыскерге оның еңбек міндеттерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамау үшін жұмыскерге тәртіптік жаза шарасын қолдану. Жұмыс беруші Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес тәртіптік жұмыскерді тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы. Оның себебі мыналар болуы мүмкін, мысалы, жұмысқа жүйелі түрде кешігу, негізді себепсіз жұмыс орнында болмау, жүктелген міндеттерді орындамау және т.б., яғни жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы еңбек қатынастары негізінде туындаған міндеттер.


Тәртіптік жазаның келесі түрлері бар: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және еңбек шартын бұзу.


Тәртіптік жазаны қолдану тәртібіне келсек, жұмыс беруші жұмыскердің қаңдай да бір міндеттемелерді орындамау айғағын орнатқаннан кейін ол жазбаша түсіндіруді талап етеді. Егер жұмыскер 2 жұмыс күні өткеннен кейін түсіндірме ұсынбаса, тиісті акт құрастырылады. Жұмыс беруші жұмыскерге танысу үшін акті ұсынады және 3 жұмыс күні ішінде жұмыскер оны өз қолымен растауы тиіс. Жұмыскердің актімен жеке танысуы мүмкін болмаған жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерге көшірме жіберуге міндетті.


Егер жұмыскер жұмыста уақытша еңбекке жарамсыздықпен, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау үшін жұмыстан босатумен, демалыста, іссапарда немесе вахтааралық демалыста болуына байланысты болмаса, онда тәртіптік жаза жұмыскердің жоқ уақытына тоқтатылады.


Жазаның қолданыс мерзімі еңбек шартын бұзуды қоспағанда оны қолдану күнінен бастап алты айдан аса алмайды. Тәртіптік жазаны жұмыскерге тағайындаған жұмыс беруші жұмыс беруші актісін шығару жолымен оны мерзімінен бұрын алуға құқылы.


Еңбек кодексімен және ҚР басқа да заңдарымен көзделмеген тәртіптік жазаларға рұқсат етілмейді. Мысалы, жұмыскерге тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін айыппұл тағайындау, жалақы мөлшері төмен лауазымға ауыстыру, жалақы мөлшерін төмендету және тағы басқа сол сияқты түрдегі тәртіптік жаза тағайындауға жол берілмейді.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив